Жаңалықтар

Астананың қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын 5 тәсілмен төлеуге болады

Астананың қоғамдық көлігінде жол жүру ақысын 5 тәсілмен төлеуге болады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 24.08.2023 18:48 1031

2023 жылдың қыркүйегінен бастап жолаушыларға, сондай-ақ елорда қонақтарына ыңғайлы болу үшін «City Transportation Systems» компаниясы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғыртуды іске қосады. Жаңа жүйеге толық көшу биылғы жылдың соңына қарай жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда автобустарда төлем QR-кодты банктер мен ұялы байланыс операторларының қосымшаларымен, сондай-ақ «Transcard» көлік картасымен жүргізіледі. Сонымен қатар, жаңа автобустарда жол ақысын төлеудің қосымша арналары пайда болады: екінші деңгейдегі банктердің банктік картасы және NFC технологиялары арқылы, Bluetooth арнасы арқылы.

Онлайн режимде ЖТЭЖ мынадай мүмкіндіктерді береді:

  • Тranscard көлік карталарын жедел толықтыруды іске асыру және екінші деңгейдегі банктер мен төлем ұйымдарының барлық қолжетімді сервистерінде барлық қолданыстағы тарифтер бойынша жол ақысын онлайн режимінде төлеу (биылғы жылдың қазан айында, автобустарды жаңа жабдықпен қажетті жарақтандырып, кейіннен алдыңғы жүйеде пайдаланылатын көлік карталарының жаңа жүйеде тіркелуіне қарай қолжетімді болады);
  • екінші деңгейдегі банктердің банктік карталары арқылы жол ақысын төлеу тәсілдерін кеңейту, NFC контактісіз төлем (смартфон, смарт сағат), QR кодтарын оқу арқылы, Bluetooth технологиясы;
  • жүйенің барлық операцияларын онлайн режимде мониторингілеу және төлемдердің барлық түрлері бойынша бөле отырып, жасалатын валидацияларды ұсынылатын жүйеде көрсету және нақты уақыт режимінде дербес есепке алуды және жалпы жолаушылар ағынын жүзеге асыру мүмкіндігі;
  • мобильді қосымшаларда белсенді халық үшін және азаматтардың жеңілдікті санаты, сондай-ақ оқу орындарының оқушылары үшін виртуалды картаны енгізу мүмкіндігі.

Бүгінгі күні елорданың жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің барлық жабдықтары мен бағдарламалық кешені офлайн режимінде жұмыс істейді, бұл ретте жүйе объективті моральдық тұрғыдан ескірген және неғұрлым озық және өзекті шешімге жаңғыртуды/ауыстыруды талап етеді.

Атап өту керек, қолданыстағы көлік карталарын ауыстыру көзделмейді, жоғарыда аталған барлық инновациялар 2023 жылдың соңына дейін жоспарлы түрде енгізіледі және «Онлайн» режимінде жұмыс істейтін жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшуді көздейді. Басты мақсат – елорда тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызбайтын жаңғыртуды жүргізу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға