Жаңалықтар

Астананың мектептері мен колледждерінде қазақ күйлері орындалды

Астананың мектептері мен колледждерінде қазақ күйлері орындалды
Фото: gov.kz 17.03.2023 15:27 914

Елорданың барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты.

Астаналық челлендж қатысушылары Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға