Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заң бұзушылық анықталды
21.06.2023 16:12
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы прокуратурасы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеріс жүргізіп, онда қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан аса азаматтардың құқықтары қорғалды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

