Жаңалықтар

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Армения клубына ауысты

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Армения клубына ауысты
Фото: «Арарат-Армения» клубы 21.01.2024 05:36 952

Армения құрамасының 31 жастағы футболшысы Камо Оганесян ресми түрде «Арарат-Армения» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Армения құрамасының қорғаушычы Камо Оганесян «Арарат-Армения» клубына ауысты, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Камо Оганесян футболдағы карьерасын Ереванның «Пюник» клубында бастаған, сонымен қатар белорустың «Торпедо Жодино», қазақстандық «Жетісу», «Қайрат» және «Астана» клубтарында ойнаған.

Камо — Армениядағы атағы көп футболшылардың бірі. Себебі «Пюник» сапында екі рет Армения чемпионатында топ жарып, төрт рет кубокқа иелік еткен. Сондай-ақ «Астана» сапында ел чемпионы атағына қол жеткізсе, «Қайратпен» бірге Қазақстан кубогында үздік шыққан.

Оганесян Армения құрамасында 78 ойын өткізіп, төрт гол соққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға