Астананың "Барыс" хоккей клубы маусымға дайындықты бастады

Астананың хоккей клубы "Барыс" Магнитогорскіде өткен Ромазан мемориалының соңғы ойынында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Турнирдің шешуші кездесуінде қазақстандық команданың қарсыласы алаң иелері – Магнитогорск қаласының "Металлург" командасы болды.

Бірінші кезеңде екі команда да гол соға алмады.

Екінші кезеңде қарсыластар алма-кезек голмен көзге түсті. Алдымен Роман Канцеров Александр Сиряцкийдің соққысын қақпаға бағыттап, "Металлургті" алға шығарды. Артынша Ансар Шайхмедденов көпшілікте ойнау кезінде "Барыс" сапынан есепті теңестірді.

Шешуші сәт үшінші кезеңнің басында орын алды. Дмитрий Силантьев қорғаушыдан келген шайбаға бірінші жетіп, гол соғып кетті. Бұл шайба "Металлургке" жеңіс әкелді.

Нәтижесінде, астаналық клуб Ромазан мемориалын төртінші орынмен аяқтады. Турнир чемпионы атанған – "Металлург Магнитогорск". Одан кейінгі орындарды уфалық "Салават Юлаев" пен тағы бір "Металлург" иеленді.

Енді Михаил Кравец жаттықтыратын "Барысты" 1-2 қыркүйекте Астанада өтетін "Сибирьге" қарсы жолдастық кездесулер күтіп тұр.