Жаңалықтар

Астананың Казактар одағының жексенбілік мектебі Наурыз мерекесін атап өтті

Астананың Казактар одағының жексенбілік мектебі Наурыз мерекесін атап өтті
01.04.2019 06:14 4333

Астанада «Степной край» Казактар одағының жексенбілік мектебінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Мерекені тойлауға мектеп оқушыларымен қатар, ата-аналар да қатысты. Немересімен бірге мейрамға ат салысуға келген Кенжехан Абайбекова балаларға бата беру және шашу дәстүрлері туралы кеңінен айтып берді.

Мерекелік кеш жалғасында «Златница» вокалдық ансамблі мен оның ең жас солисі Елизавета Гудкова қазақ және орыс тілдерінде ән шырқады. Кеш жүргізушілері Виктория Леонидова мен Елизавета Гудкова жиылған жұртшылықты Наурыздың пайда болу тарихымен таныстырып, түрлі жұмбақтар жасырып, қазақ ұлттық ойындары – арқан тарту мен бәйге туралы сөз етті. Сонымен қатар, мектеп ішінде ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды.

Наталья Хуснудинова, «Степной край» Казактар Одағы Аймақтық қоғамдық бірлестігі жексенбілік мектебінің директоры:

Қазақстандағы барлық мейрамдар жылы әрі интернационалды ортада мерекеленеді, мұнда өзара сыйластыққа негізделген және халықтар бірлігіне бағытталған түрлі мәдениеттер диалогтары құрылады. Өскелең ұрпақтың мұндай мереке-фестивальдар мен концерттерге қатысуы түрлі этностарды біріктіреді, ал бұл достық пен бірліктің, тарих пен мәдениетке өзара ықылас танытудың кепілі.

 

Андрей Авдеев, «Степной край» Казактар Одағы Аймақтық қоғамдық бірлестігі жексенбілік мектебінің оқытушысы:

Жастарды өз халқының дәстүрлеріне қатысты шараларға қатыстырудың маңызын сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес. Атадан қалған мұраны тану отанға деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Сол себепті, балалар ата-бабаларынан қалған мәдениетті, әрі өз елінің мәдениетін білуі тиіс. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға