Жаңалықтар

Астананың туған күніне алып торт сыйлады

Туған күніңмен, елорда!
05.07.2016 05:32 6692

Елорданың туған күні қарсаңында Астанаға ат терлетіп арнайы келген белгілі кондитер Ренат Ағзамов үш метрлік торт пісірді.

Астананың туған күніне алып торт сыйлады

Астанада өткен «Интеллектуалды кондитер» семинарына қатысқан жандар үшін кондитерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, Ресей чемпионы, «Ресейдің бас аспазшылары гильдиясы» кеңесінің мүшесі Ренат Ағзамовпен танысу керемет жаңалық болды деуге болады. Ренаттың есімін бүгінде кондитерлікке қатысы бар жандардың көпшілігі жақсы біледі. Соңғы жылдар бедерінде ол үйлену тойларына арналған торттың сан түрін пісірген. Ең қызығы, бұл торттар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Олардың жалпы саны 3 мыңға жетіп жығылады. Кондитер десертке шоколад қосқанды ерекше жақсы көреді екен. Ол өзі әзірлеген тортқа шоколадты велюр жағуды ешқашан ұмытқан емес.

Ренат – Ағзамовтардың аспаздық әулетінің бір мүшесі. Осыдан біршама уақыт бұрын оның ағасы Сочи қаласындағы ең үздік аспаздардың бірі атанған екен.


Әзірлеген Жансая Төлеген

Сурет: Астана қалалық Мәдениет басқармасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға