Жаңалықтар

Астаналықтарға қайтарымсыз 1,5 млн теңге берілуі мүмкін

Астаналықтарға қайтарымсыз 1,5 млн теңге берілуі мүмкін
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.10.2024 14:10 486

Астанадағы «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларға жақсы жаңалық бар, ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабуға болатын тұрғын үй сертификаттары берілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ашық НҚА» порталында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй сертификаттарын енгізу туралы шешім жобасы жарияланды. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері өзгеріссіз – 1,5 млн теңге болып қалды.

Сонымен қатар, жобада мұндай көмекті мемлекеттен баспана алуға кезекте тұрған азаматтар ғана ала алатыны туралы шартқа баса назар аударылған.

Айта кетейік, «Наурыз» ипотекасын халықтың әлеуметтік осал тобы бойынша кезекте тұрғандар да, өзге де азаматтар ала алады.

Бұл ретте Астанада тұрғын үй сертификатын алушы атана алатын бірнеше санат бар: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, халықтың әлеуметтік осал топтары.

Жоба 31 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға