Астаналықтар үшін 2 мың бос жұмыс орны ұсынылды
14.08.2025 23:15
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада ауқымды бос орындар жәрмеңкесінде екі мың жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елордадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында Есіл ауданы әкімдігі мен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын.
Іс-шараға түрлі саладағы 50 компания мен ұйым қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынған. Жәрмеңке көптеген жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, қызықтырған сұрақтарын қоюға және алғашқы әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ аудан көлемінде жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етпек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

