Жаңалықтар

Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады

Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 22.08.2023 05:38 1026

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. .

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә.Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 23 тамыз:

Сағат 11-00 - Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;
Сағат 15-00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.

2023 жылғы 24 тамыз:

Сағат 10-00 - Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Сағат 15-00 - Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.

Басталуы сағат 10.00-де.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға