Астаналықтар көрмеге қойылған тегін жеміс-жидекке таласып қалды
26.08.2023 21:04
Фото:
Видеодан алынған кадр
Елорда орталығында Тәжікстанның Мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылар Тәжікстанда өсетін түрлі жеміс-жидектер мен тәттілер көрмесін өткізді.
Дегенмен көрме көпке созылмаған. Себебі жиналған жұрт көрмеге қойылғанды жапа-тармағай қалташаларға салып әкетіп қалған.

