Жаңалықтар

Астаналықтар коньки теуіп жарысады

«Astana Open» ашық қалалық чемпионаты алғаш рет өткелі отыр
Астаналықтар коньки теуіп жарысады
Фото: gov.kz 04.12.2022 07:15 1691

Елордадағы «Алау» мұзайдыны сарайында 4-6 желтоқсан күндері дүниежүзілік коньки тебу күніне орай «ASTANA OPEN» коньки тебуден қаланың ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс 5 жас санаты бойынша өтеді: кіші және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында; орта және одан жоғары жастағы қыздар мен ұлдар; сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар.

Бүгінгі күнге дейін чемпионатқа қатысуға түрлі өңірлерден 130-ға жуық өтінім келіп түскен. Жарыс алғаш рет өткізілуде. Алдағы уақытта іс-шараны дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. 

Жарысқа Астана қаласы әкімдігінің №2 БЖСМ спортшыларынан бөлек, Қостанай, Петропавл, Хромтау және Алматы қалаларының конькишілері қатысады. «ASTANA OPEN» қала чемпионатына барлығы 130 адам қатысуға ниет білдірген. Бұл чемпионатты алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізетін боламыз, - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Чемпионатта алдағы қысқы маусымға ең мықты спортшылардан құралған Астана қаласының құрама командасы жасақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға