Жаңалықтар

Астаналықтар экологияны жақсарту бойынша жобаларын ұсынды

Астаналықтар экологияны жақсарту бойынша жобаларын ұсынды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 20.05.2024 07:39 479

Астанада Білім басқармасының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған экофест өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың назарын экология мәселелеріне аудару.

Астана әкімдігінің дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі директоры Жанар Бейсенбаева бүгінгі іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында өткенін мәлім етті.

Оқушылар экология тақырыбында шеберлік сыныптар, макеттерін, ғылыми жобаларын көрсетті және экологиялық мәселенің шешімін қалай шешу керек екендерін айтып, өз идеяларын ұсынады. Қайталама шикізаттан жасалған туындыларын ұсынды, осылайша олардың қайта қолданысқа енгізілуіне септігін тигізді. Көрмеде күнделікті өмірде қолдануға болатын өте әдемі экспонаттар бар. Мектеп оқушыларының қиялдары өте кең. Бүгін елорданың барлық 97 мемлекеттік мектебі мен 50-ден астам жекеменшік оқу орындарының оқушылары жиналғанын атап өткім келеді, - деді Жанар Бейсенбаева.

Сондай-ақ, фестивальде табиғатқа құрметпен қарау, тұрмыстық қалдықтардан не және қалай жасауға болатындығы түсінікті және ыңғайлы тілде көрсетіліп, айтылды, балаларды шығармашылықпен ойлауға, қиял мен ұсақ моториканы дамытуға үйретті.

№15 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Томирис Есімова анасының ламинаттан тігілген костюмін көрсетті.

Бұл костюмді алғаш рет мектепте Қысқы балда киіп, Гран-при жеңіп алдым. Барлық эскизін өзім жасадым, ал анаммен бірге идеямды жүзеге асырдық. Анамның қолы алтын, ол бәрін жасай алады, сондықтан менің костюмім өте әдемі болды. Ол арнайы желіммен бекітілген ақ жапырақшалармен қапталған футболка мен белдемшеден тұрады. Әкем әскери адам болғандықтан уақытының көбін жұмысында өткізеді. Үйде ағам мен сіңлім үшеуіміз анама өте жақынбыз, - деді Томирис Есімова.

Экофест ниет білдіргендер үшін ашық болды. Ол мектеп оқушыларына, студенттерге, ата-аналарға арналған.

Экофест бағдарламасы түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды, онда әркім белсенді қатыса алды: ғылыми жобалардың тұсаукесерлері, тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдары, «Fashion шоу», «Экожаз» концерттік бағдарламасы және тағы басқа.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға