Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен әлемдік турнирде топ жарды
«Барыс» спорт кешенінің бассейнінде жаттығатын елордалық синхронистер құрамасы Дубайда өткен Artistic Swimming World League синхронды жүзуден әлемдік турнирде топ жарды, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам команда мен 250 спортшы қатысқан. Жарыста астаналық синхронистер нағыз дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.
АҚШ, Жаңа Зеландия, Сингапур, Ресей, Италия, Түркия және Египет командалары қатысқан турнирде Астана құрамасы көшбасшылар қатарында болды. 12 жасқа дейінгі санатта біздің спортшылар төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және екі қола.
Алтын медальдарға ерікті және аралас топтар ие болды. Күміс пен қола дуэтке, ал қола жеке топтарға берілді.
Команда нәтижелері:
І орын: ерікті топ (12 жас және одан кіші)
ІІ орын: аралас топ (12 жас және одан кіші)
ІІ орын: дуэт (12 жас және одан кіші)
ІІІ орын: дуэт (12 жас және одан кіші)
ІІІ орын: жеке (12 жас және одан кіші)
Елордалық спортшылардың өнері ерекше синхрондылық пен әртістікті ғана емес, сондай-ақ ең мықты қарсыластармен күресте табандылықты көрсетті.
Команда құрамына Дарья Володькина, Насима Баймұхаметова, Анар Абдугалиева, Ясмин Ахметова, Айдидар Аринқызы, Малика Сәрсімбаева, Самира Багамедова, Айилин Құсембаева, Әлия Советова, Зара Сыздықова, Айзере Маликова, Дамежан Құрманғазы, Еркежан Қасенова, Айсана Исабай және Жасмин Рахимова кірді.
Команданың жаттықтырушылары Алина Литвиненко мен Светлана Колодийдің шеберлігі спортшыларға керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.