Астаналық студенттер екі күн қашықтан оқиды
26.11.2024 14:48
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
27-28 қараша күні Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрт жоғары оқу орны қашықтан, екі жоғары оқу орны ішінара қашықтан, екі жоғары оқу орны демалыс (1 триместр), бес жоғары оқу орны дәстүрлі (офлайн) форматта оқиды. Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды, — деді министрлік өкілі Олжас Беркінбаев.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақ әдеттегідей форматта өтеді.
Айта кетейік, 28 қарашада елордада ҰҚШҰ саммиті өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

