Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Арсен Қылышбек пен Владимир Борзенков Microsoft for Startups компаниясынан 550$ грант ұтып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқушылардың айтуынша, олар жасанды интеллект негізінде стартап-жоба әзірлеген.
Астаналық оқушылар Microsoft компаниясының грантын ұтып алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
09.03.2023 18:32
1235
«Whoock - бұл клиент үшін мәтіндік хабарламаларға негізделген қызмет жүйесін дамыта алатын веб-сайт генераторы және редакторы. Ол заманауи дизайнмен толық веб-сайт жасай алады. Яғни, сайтты құрып, клиенттің сұранысына сай орындау жасанды интеллектпен байланыс арқылы жүзеге асырылады»,– дейді оқушылар.
Жобаның мақсатты аудиториясы – компания туралы прототип немесе жедел сайт жасауды қажет ететін енді басталған бизнес және стартаптар. Қазір Whoock алғашқы қызметтік нұсқасын жүзеге асыруда. Бета нұсқа іске қосылған соң оқушылар сервистік мүмкіндікті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Whoock- пен толыққанды веб-қосымшалар әзірлейтін мүмкіндік болады.
«Платформа орта есеппен бір жарым минут ішінде толыққанды сайт жасайды. Келесі аптада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Кез келген адам өз платформасына тегін қол жеткізе алады және оны қалағанынша пайдаланады», — дейді оқушылар.
Жас стартаперлер Microsoft for Startups Founder Hub – тан өткендеріне қуанышты, Арсен мен Владимир ұтып алған қаражаттарын өз жобаларын дамытуға жұмсамақшы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға