Жаңалықтар

Астаналық екі тұрғын шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын заңсыз берген

Астаналық екі тұрғын шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын заңсыз берген
Фото: Астана қалалық прокуратурасы 16.01.2025 15:45 111

Астананың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдіктерге заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған.

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.

Заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасында ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға