Астаналық азамат аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
13.09.2024 18:33
512
Астаналық азамат аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
102 арнасына белгісіз ер адамның Ақжол даңғылында орналасқан аялдамаға зақым келтіргені туралы ақпарат келіп түсті.Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы еске салады. Қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлері қандай?
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді