Жаңалықтар

Астаналық әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, қарттарды алдап келген

Астаналық әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, қарттарды алдап келген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.09.2024 06:32 396

Астана тұрғыны зейнеткерлерді алдап, ақшасын жалған банкноттарға алмастырып, сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана Полиция департаментінен мәлімдегендей, 28 жастағы әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, зейнеткерлердің сеніміне кірген. Оның құрбандарының бірі - елорданың 84 жастағы тұрғыны. Үйіне кірген ол дәретханаға баруды өтінген, кейін ол бөлмелерді тінтіп, 50 мың теңгені жалған ақшаға айырбастаған. Тағы бір жағдайда, алаяқ азық-түлік сатып алу үшін ақша жинаған 82 жастағы әйелдің 40 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. Одан ұрланған ақша мен жалған банкноттар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Астана Полиция департаменті азаматтарды абай болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін қарт адамдарға ерекше назар аудару ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға