Жаңалықтар

Астаналық ақсақалдар Ақтөбеге гуманитарлық көмек жіберді

Астаналық ақсақалдар Ақтөбеге гуманитарлық көмек жіберді
Фото: instagram.com/akimat__astana 28.04.2024 16:27 614

Астана қалалық ҚХА ақсақалдары мен «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Азық-түлік, киім және басқа да тұрмыстық қажетті заттар тиелген жүк көлігі Достық алаңынан жолға шықты.

Аата-бабаларымыз бізді әрқашан біртұтас болуға, бір-біріміздің жеңістерімізге ғана емес, қиындықта да қолдау көрсетуге үйретті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы қиын жағдайды ескере отырып, біз, яғни ардагерлер де шетте қалмауға, қолымыздан келген көмекті көрсетуге шешім қабылдадық. Ақтөбе облысының ардагерлерімен алдын ала хабарластық, халыққа көмектің шынымен қажет екенін білдік және қазір олардың сұрағандарын жеткізіп жатырмыз. Ақтөбеліктерге қолдау көрсету үшін өзім де сонда барамын, - деді генерал-лейтенат, «Халық Қаһарманы», «Tayelsiz Qazagstannyn Halyg Batyrlari» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев.

Еске салсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы аясында Астанадан Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді. Атап айтқанда бұған дейін елордадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1,2 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткен болатын.

Астанада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, оған 30-ға жуық еріктілер ұйымдары қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды.

Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер қажетті заттарды жинап, жинау орындарына апара алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға