Астаналық 8 жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
11.12.2024 12:16
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.

