Астаналық «Вайнах» ансамблі халықаралық байқау-фестивальдің Бас жүлдесін жеңіп алды
13.03.2019 11:14
11 наурызда Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Розы России» хореографиялық өнерінің халықаралық байқау-фестивалінде Астана қаласының «Вайнах» шешен-ингуш халық ансамблі Бас жүлде иегері атанды. Құттықтаймыз.
«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының ансамбліне өткен жылы 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында республикалық конкурстардың лауреаты, халық ансамблі атағына ие болып үлгерді.
Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі - Ханифа Мациева, хореографтар: Таймурази Гасвиани, Дмитрий Абсолямов, Салман Абкаров.
Ансамбль қайырымдылық концерттерге қатысып, вайнах халқының мәдениетін сақтауда өзіндік үлесін қосуда.
Ансамбль құрамында түрлі жастағы әртістер – балалардан бастап үлкендерге дейін өнер көрсетеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады







