Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.
Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есірткі сатқан қазақстандық актер ұсталды
Келесі жаңалық
Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті