Астанаға Ауғанстаннан 210 адамнан тұратын делегация келді
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
02.08.2023 11:11
1778
Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, делегацияны әуежайда премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды.
2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді.
3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, ал 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына ауған тауарларының көрмесі (EXPO, Конгресс-орталық) ашылады.
Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар және басқа да көптеген тауарлар ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді