Күн райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «109» қызметі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, сағат 19.30-дан бастап «Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы» республикалық маңызы бар автожолының 1291 – 1426 шақырым аралығы, нақты айтқанда, «Астана қаласы – Теміртау қаласы» учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сүйенсек, Астана маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы тоқтатылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар желіде, – делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

