Астанадан бір түнде 42 мың текше метрден астам қар шығарылды
28.01.2024 12:39
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, өткен түнде олар қаладан үш мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды.
28 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты.
Өткен түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

