Астанадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды
25.02.2024 15:45
Фото:
©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Астанада өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары 30 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 25 ақпан күні таңертең қар күреу жұмысына 2,4 мыңға жуық жол жұмысшы, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні 2300-ге жуық рейс арқылы 30,1 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Ал қыс мезгілінің басынан бері 383,4 мың рейс арқылы 5 млн 168 мың текше метр қар шығарылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

