Астанадан Ақтауға реаниматолог пен травматологтар барды
25.12.2024 21:53
Фото:
Денсаулық сақтау министрлігі
Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.
Қазіргі уақытта Маңғыстау көпбейінді ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілген, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов бар. Ол зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.
Ауруханаға жеткізілген 27 ауыр пациенттің 11-і реанимацияға жатқызылды. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, оларға операция жасау жоспарлануда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

