Астанадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды
11.02.2024 17:21
Фото:
©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ
Елордада қар тазалау жұмыстарына 1,5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,5 мыңнан астам арнайы техника және 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.
10 ақпаннан 11 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс басынан бері қар полигондарына 315 мың рейс, шамамен 4,3 миллион текше метр қар шығарды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

