Жаңалықтар

Астанадағы жәрмеңкеге төрт облыстан өнімдер әкелінеді

Астанадағы жәрмеңкеге төрт облыстан өнімдер әкелінеді
Фото: Астана қалалық әкімдігі 09.10.2024 14:52 390

12-13 қазан, осы демалыс күндері Астанада Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, төрт өңірдің аграршылары Астанаға 900 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал, балық, шұжық өнімдері, қант, сондай-ақ түрлі кондитерлік өнімдер бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары фермерлерден тікелей өнім сатып алып қана қоймай, аталған облыстардың әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, биыл жәрмеңке Қарқаралы тас жолындағы «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы орында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қамтамасыз етіледі.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға