Жаңалықтар

Астанадағы зейнеткерлерге арналған орталыққа 12 мыңнан астам адам барады

Астанадағы зейнеткерлерге арналған орталыққа 12 мыңнан астам адам барады
Фото: Астана қаласы әкімдігі 07.11.2024 06:24 314

Астанада құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, күнделікті уақытын пайдалы өткізіп жүр. Орталыққа 12 мыңнан астам келеді, олардың 3 мыңнан астамы сауықтыру үйірмелерін таңдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, зейнеткерлердің басын біріктіретін бірегей орталықта жаттығу терапиясы, йога, «цигун» тыныс алу гимнастикасы, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапия, еңбек терапия, ағылшын тілі, қазақ тілі, компьютерлік курстар, шахмат, тоғыз құмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Астанада 13 мыңнан астам зейнеткер осындай орталықтарға барып, қызмет алады.

Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» 2022 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Еңбек демаласына шыққан зейнеткерлерге қызмет көрсету үшін қаланың 5 ауданында филиалдар жұмыс істейді. Орталықтың барлық қызметі тегін. Сондай-ақ мұнда келушілермен әлеуметтік қызметкер, психолог мамандар жұмыс істейді. Орталықта мәдени-бұқаралық іс-шаралар, концерттер, театрларға бару, елорданың тарихи орындарына экскурсиялар өткізіледі, - деді Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» үйлестіру және мониторинг бөлімінің басшысы Роза Маусымбаева.

Астанадағы 5 ауданда орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46-үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44-үйде орналасқан.

Орталықтың шебер әжелері 8-13 қыркүйек аралығында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Этноауылдағы көрмеге өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын қойған. Атап айтқанда, көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар мен шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, қуыршақтар, асық, торсық, тұмар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды. Қолдан жасаған заттарын сатып, 500 мың теңге табыс тапты, - деді Роза Махметқызы.

Қаладағы орталықтар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға