Астанадағы ТҚС-лардың бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады. 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды ТҚС-ның қосалқы бөлмесінде ұстаған.
Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген министрлік мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

