Астанадағы ШЫҰ саммиті: әуежай мәлімдеме жасады
04.07.2024 14:01
Фото:
©El.kz/Мади ИСКАКОВ
4 шілдеде елорда төрінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатыр. Бұл саммитке байланысты қаладағы кейбір жолдар жабылды. Осыған орай Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жолдағы кептелістерге байланысты сіздерге рейске уақтылы үлгеру үшін әуежайға ертерек келуді ұсынамыз. Ықтимал кідірістерді ескере отырып, уақытыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет! – делінген мәліметте.

