Елорданың Тұран көшесі бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда-ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәл қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал орталықтағы адамдар эвакуацияланды.
Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына екі қабатты қосымша ғимаратта басталған. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Алдыңғы жаңалық
Жастар ысырапшыл, азық-түлік дүкенде өседі деп ойлайды – депутат
Келесі жаңалық
Ақмолалық диқандар көктемгі егіс науқанына дайындалуда