Астанадағы Қабанбай батыр даңғылын уақытша жабу мерзімі ұзартылды
02.01.2025 23:38
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылығының бір жолағында көлік қозғалысына шектеу қою мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.
LRT жобасының №105 станциясында топырақты қайта көму жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір жолағының уақытша жабылу мерзімі ұзартылды. Қозғалыс шектеуі «Астана Жұлдызы» аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метр қашықтықта 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін сақталады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз,-делінген компания мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

