Жаңалықтар

Астанадағы көшелерге бәрі ата-бабасының атын бергісі келеді – мәслихат төрағасы

Астанадағы көшелерге бәрі ата-бабасының атын бергісі келеді – мәслихат төрағасы
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 21.08.2023 15:47 977

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов қаладағы кейбір көшелерге біреулердің ата-бабасының атын бергісі келетінін ашық айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Халық үнінің хабарлауынша, алдағы уақытта көше аттарында өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Көшелердің атын өзгерту процедурасы оңай жұмыс емес. Себебі әрдайым резонанс тудыратын жағдай, даулар туындап жатады. Өйткені бәрі осы көшелерге ата-бабаларының есімдерін бергісі келеді. Бірақ бұлай болмайды. Географиялық атаулардың бекітілген тізімі мен тарихта өз ізін қалдырған тұлғалардың арнайы тізімі де бар. Алайда олар қазір қайта қаралып жатыр. Сондықтан өзгерістер енгізілуі мүмкін, - деді Ерлан Қаналимов.

Бұған ономастикалық комиссия жауап береді.

Тізімде бекітілген қайраткерлерімізді тарихи, заманауи деп бөлу керек. Бұл – бұрыннан қоғамда қалыптасқан пікір. Қазір республикалық ономастикалық комиссия жұмыс істеп жатыр, - деді мәслихат төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға