Жаңалықтар

Астанадағы бірқатар көше уақытша жабылады

Астанадағы бірқатар көше уақытша жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 15.09.2024 07:32 366

15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;
Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағын ауданына қарай 70 метр, - деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға