Жаңалықтар

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 11,5 мыңнан астам қарт азамат тіркелген

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 11,5 мыңнан астам қарт азамат тіркелген
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 01.10.2024 23:15 101

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы барды. Ол зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның қызметі егде жастағы азаматтардың бос уақыты мен мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында түрлі секциялар мен үйірмелер ұйымдастырылып, 20 бағыт бойынша сабақтар өткізіледі, жаттығу залы, компьютерлік сыныптар, вокал және шығармашылық шеберлікпен айналысуға арналған арнайы жабдықталған залдар да бар.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған сәттен бастап 11,5 мыңнан астам қарт азамат тіркелген, оның 3,4 мыңы биыл тіркелді.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы барған вице-министр зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына естелік сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, Олжас Анафин Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Анатолий Шмаков пен Сарқыт Әбдірахманованың үйінде болды. Вице-министр ардагерлерге ҰОС кезеңіндегі қажырлы еңбектері мен ел игілігі үшін көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, зейнеткерлерге зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Олжас Анафин Еңбекмині атынан қарияларға гүл шоқтары мен азық-түлік жиынтықтарын табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру мақсатында республикада 92 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді, оның бесеуі Астана қаласында орналасқан. Елорданың бес ауданындағы орталықтарға күн сайын 1500-ге жуық адам келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға