Жаңалықтар

Астанадағы бассейндердің бірінде бала батып кете жаздады

Астанадағы бассейндердің бірінде бала батып кете жаздады
Фото: © Polisia.kz 07.08.2023 09:23 1019

Оқиға елордалық қоғамдық бассейндердің бірінде болды. Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абырой болғанда, баланы сол жерде демалып жүргендер құтқарып қалған. Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Көмекке демалушы әйелдердің бірі шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды.

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді. Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі – Назым Шәріпова. Ол «Есіл» ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға