Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды
16.09.2025 23:48
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:
– «Астаналық цирк» автотұрағы;
– «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
– «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
– Орталық саябақ автотұрағы;
– «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

