Жаңалықтар

Астанадағы «Атырау» көпірінен көлікпен жүріп өткен ер адам қамауға алынды

Астанадағы «Атырау» көпірінен көлікпен жүріп өткен ер адам қамауға алынды
Фото: видеодан алынған кадр 20.08.2024 10:24 627

Астана тұрғыны «көлікпен жаяу жүргіншілер көпірінен өте аламын» деп досымен бәстескен ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Айта кетейік, қоғамдық орын саналатын орталық саябақтың «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде ер адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізген.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, автокөлікті жаяу жүргіншілер көпірінде жүргізу туралы досымен бәстескенін, жасаған ісіне өкінетінін айтты. 

Көпірдегі жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген адамды тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ жаңа құқықбұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында, соттың қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген соттың хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға