Астанадағы Әл-Фараби даңғылына Bus Lane жолағы енгізіледі
20.08.2024 05:25
Фото:
instagram.com/akimat__astana
Бүгін 20 тамыздан бастап Астанада тағы бір көшеге Bus Lane жолағы енгізіледі. Әкімдіктегілер автобус жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында екі бағытта іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл көшемен 5 бағдар (№№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.
Bus Lane жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

