Астанадағы әкімшілік ғимаратында өрт шығып, 3 адам зардап шекті
30.11.2024 11:32
Фото:
Видеодан кадр
Астанада әкімшілік ғимаратында өрт шықты. Оқиға Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, үш қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатындағы бокс өртенген.
Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, кейіннен жанған. Ғимарат ішінде 3 жүк автокөлігі болған. Өрт сөндірушілер екі автокөлікті өрттен сақтап қалды. Оқиға кезінде 3 адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
2 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын сөндірілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

