Жаңалықтар

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Журналистер жақында ғана іске қосылған елордасындағы тұңғыш полипропиленді қапшық өндіретін «Жұлдыз ШМ» ЖШС цехына барып, жұмыс процессімен танысты.
28.09.2015 03:52 6156

Бүгін Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қолдау алған кәсіпорындар бойынша пресс-тур өткізілді. Журналистер жақында ғана іске қосылған елордасындағы тұңғыш полипропиленді қапшық өндіретін «Жұлдыз ШМ» ЖШС цехына барып, жұмыс процессімен танысты.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі  

Полипропиленді қапшық өндіретін «Жұлдыз ШМ» ЖШС фабрикасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау Бағдарламалары және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары шеңберінде мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпорындардың бірі. Цех жұмысына тоқталмас бұрын еліміз бойынша өнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаржы көлемі сондай-ақ несие туралы тоқталып өтейік.

 Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ мамандарының айтуынша, былтырғы жылы ақпан айында Елбасы Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға қаржы бөлу туралы тапсырма берген. Аталған қаржы есебінен кәсіпкерлер жеңілдетілген шартпен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл – жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6%, ең шекті көлемі 1 млрд. 850 млн. теңге болатын, 10 жылға дейін берілетін несие.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі 

Өңдеуші өнеркәсіп саласымен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру Бағдарламасын жүзеге асыруға «Даму» Қорына 200 млрд. теңге келіп түскен. Оның ішінде 908 несие алушы қолдауға ие болды, ол бойынша игерілген қаржы 170,4 млрд. теңгені құрап отыр.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі 

Ақбота АЮПОВА, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ның Астана қаласы бойынша Кәсіпкерге қызмет көрсету орталығының мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесшісі:

2014 жылы әлеуметтік қордан елбасының тапсырмасына орай өндіруші өнеркәсіпті дамытуға байланысты 200 миллиард қаржы бөлінген болатын. 908 кәсіпорын ашылып, жалпы сомасы 170 миллиард қаражат игерілді. Бұл бағдарлама бойынша 5260 жаңа жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның негізгі талабы арзан пайызбен яғни 6 пайызбен  10 жылға 1 миллиард 850 миллион теңге болатын қаражат кәсіпорындарды несиелендіреді. Астана қаласы бойынша бүгінгі таңда 86 кәсіпорын несие алып, істерін дөңгелетіп отыр. Астана қаласында 510 жаңа жұмыс орыны ашылды. Қазіргі таңда «Даму» қоры бизнестің жол картасы бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржылай агенттігі қызметін атқарады. Бағдарлама аясында қор субсидия береді және ішінара кепілдік беруді жүзеге асырады. Берілген ақшаны игеру мен мониторнинг жүргізуді іске асырады.

«Даму» қорының мамандары берген мәліметке сүйенсек, Астанада ашылған 86 кәсіпорынның басым бөлігі тамақ өнеркәсібіне бағытталыпты. Тігін цехтары мен жиһаз өндіретін кәсіпкерліктер ашылған.  Мемлекеттен қолдау тапқан 86 кәсіпкер 26 766 млн теңгені игеріп отыр.

Полипропиленді қапшық өндіретін «Жұлдыз ШМ» ЖШС

Өңдеуші өнеркәсіп саласымен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру Бағдарламасына қатысуының арқасында «Жұлдыз ШМ» ЖШС полипропиленді қапшық шығаруды жолға қойды.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Аталған бағдарлама бойынша арзан несие мен өз қаражатын пайдалана отырып, кәсіпорын қажетті өндірістік құрал-жабдықтар мен шикізат сатып алды. Несие қаражаты есебінен құрал-жабдықтар алынды (өндірістік процесте қолданылатын полипропиленді қапшық шығару желісі және басқа құрал-жабдықтар), қаражаттың мақсатты жұмсалуы құжат жүзінде және визуалды расталды. Қазіргі таңда 20-дан аса жұмыс орындары ашылды, цех толық жұмыс күшіне енгенде, одан бөлек жаңа 20 жұмыс орнын ашу жоспарлап отыр.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Асқар АБДРАХМАНОВ, «Жұлдыз ШМ» ЖШС техникалық директоры:

Фабриканың іске қосылғанына бір апта ғана болды. Азық-түлік, құрылыс, химиялық өнімдер салуға арналған қапшықтар өндіруді қолға алдық. Бүгінгі таңда тапсырыс берушілер қатары артып келеді. Ұн өндіретін кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары, химиялық өнеркәсіптер тапсырыс беруде. Жарты жылдың ішінде өндіріс қуатына шығамыз деген жоспар бар. Айын бір жарым миллион дана өнім шығарамыз. 20 адам жұмыс істеуді. Кезекті ауысыммен істейді. 10 маманды Тайванда оқытып, дәл осындай технологиямен жұмыс істейтін фабрикада тәжірибеден өткіздік.

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі 

Цех мамандарының айтуынша Қазақстан бойынша  дәл осындай 5 фабрика бар екен. Ал, аталмыш кәсіпорын Астанадағы қап өндіретін алғашқы өнеркәсіп орыны. Шикізатты Павлодардағы Мұнай химиялық зауыттан алады. Кәсіпорын өнімдерін болашақта экспортқа шығаруды көздеп отыр. «Даму» қорынан несиеге екі жүз миллион қаржат алып, сол ақшаға құрал-жабдық сатып алған. Цехтағы мамандардың орташа жалақысы 80 мыңнан басталып 200 мыңға дейін жететін көрінеді.

 Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі

Астанада полипропиленді қапшық өндіріледі


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға