Астанада М-1 көпірі бір айға ішінара жабылады
Елорда қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М-1 көпірінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады, – деп хабарлайды El.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жөндеу 16 шілде - 15 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.
– Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген басқарманың хабарламасында.