Жаңалықтар

Астанада Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өтті

Кезектен тыс сьезд
02.02.2016 06:00 3407

Бүгін елордада Қазақстан Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi басталды.

Съезд қорытындысы бойынша партия кеңесі кезектен тыс парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар сайлауына қатысу туралы шешiм шығарып, саяси бiрлестiктiң сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмi бекiтілді.

Астанада Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өтті

Съезд жұмысына хатшылар, ҚКХП ОК мүшелерi, партияның облыстық, қалалық және аудандық комитеттердің делегаттары мен БАҚ өкiлдерi қатысты.

Қазақстан Коммунистiк Халық партиясының мүшесі Владислав Косарев ҚКХП заң шығарушы органға жаңа күш және идеялармен баруды көздеп отырғандығын айтты. В.Косарев баяндама жасап, жаһандық дағдарыс жағдайында Елбасының парламент Мәжiлiсiне кезектен тыс сайлау тағайындау туралы шешiмi уақытылы екендiгiн айтты.

Астанада Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өтті

«Бұл жағдайда ҚКХП-ның алдында сайлау науқанын абыроймен өткiзу мiндетi тұр. Бiздiң партиямыздың басты мiндетi – сайлаушылардың үмiтiн ақтап, жаңа құрамда елдiң бiрлiгiн нығайту мақсатында заң шығарушы органға жаңа күш және идеялармен бару. Бiз сан ғасыр бойы адамзаттың асқан ойшылдарын батыстың тұтынушы мәдениетiне қарсы жiгерлендiрген коммунизмнiң жасампаз идеяларына берiкпiз», - деді Владислав Косарев.

Съезд қорытындысы бойынша партияның парламент Мәжiлiсi мен мәслихат сайлауына қатысу туралы шешiмi шығарылып, саяси бiрлестiктiң сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ парламент Мәжiлiсi депутаттығына сайланатын үмiткерлердiң партиялық тiзiмi бекiтiлдi. Партиядан 22 үмiткер ұсынылды.

Астанада Коммунистiк Халық партиясының кезектен тыс Х съезi өтті 

«Құрметті съезд делегаттары, алдағы сайлау науқаны біздің партиямыз үшін аса маңызды екенін атай отырып, аллымен коммунизмнің басты қағидаларына тоқталып өткім келеді. Сол қағидаларды басшылыққа ала келе, жақтастарымыздың үмітін ақтауға тиіспіз»,– деді Ж.Ахметбеков.  

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан Парламент Мəжілісі депутаттығына үміткер азаматтардың тізімі бекітілді:

1.Əубəкіров Марат Əбдуəлиұлы, «ҚКХП» ОК Астана филиалының бірінші хатшысы.

2.Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты «ҚХКП» ОК хатшысы

3.Байдəулетов Шыңғыс  Үсбекұлы, «ҚХКП» Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы

4.Баймаханова Галина Александровна, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

5. Бигарива Сəуле Таскенбайқызы, «ҚХКП» Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы

6. Дəулетқазиев Ерболат, «ҚХКП» Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы

7. Зевахин Александр Михайлович, «ҚХКП» Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы

8.Қадырқұлов Нұрлан Қалдарұлы, «ҚХКП» Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы

9.Қоңыров Айқын Миратұлы,  V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

10. Косарев Владислав Борисович, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

11. Легкий  Дмитрий Максимович, «ҚХКП» Орталық комитетінің хатшысы

12. Магеррамов Магеррам Мамедович, «ҚХКП» Алматы орталық комитетінің хатшысы

13. Мəжітов Бейсенбай Дайырұлы, «ҚХКП» Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы

14. Мақтаев Марат Сəлімұлы, «Интегра» ЖШС Бас директоры

15.Молдашев Жанат Əбдіғалиұлы, ҚХКП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы

16. Мұсбаев Нұржан Əбіханұлы, «ҚХКП» Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы

17. Нұғманова Гауһар Көкенқызы, «ҚХКП» Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы

18. Өмірзақов Тұрсынбек Казенұлы, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты

19. Смирнов Виктор Александрович, «ҚХКП» Орталық комитетінің жетекшісі

20.Смирнова Ирина Владимировна, Алматы қаласы, № 48 мектеп лицейінің директоры

21. Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы, «ҚХКП» Орталық комитетінің хатшысы

22. Сорокин Борис Владимирович, V шақырылымдағы Парламент Мəжлісінің депутаты.

Съезд қорытындысы бойынша насихат кезеңi жұмыстарына дайындықты бастау, орталық және аймақтық сайлауалды штабтарын құру, сенiмдi өкiлдердi тiркеуден өткiзу, үгiт-насихат топтарын даярлау және имидждiк өнiмдер дайындау туралы нұсқау берiлдi.


Әзірлеген тұмар АСЫЛ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға