Жаңалықтар

Астанада бала асырап алушы ата-аналардың форумы өтеді

Форум
28.10.2016 06:36 3627

29 қазанда елордада «Бала асырап алушы отбасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде» атты асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлердің ІІ форумы өтеді.

 Астанада бала асырап алушы ата-аналардың форумы өтеді

Сұхбат алаңы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беруге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауға бағытталған. Форум жұмысына жетімдердің мәселесін зерттейтін жетекші мамандар,  халықаралық сарапшылар сондай-ақ  бала асырап алуға үмітті ата-аналар мен  тәлімгерлер қатысады. Халықаралық сарапшылар қатарында Ресей мен Украинаның балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен сәтті өткен тәлімгерлік жобаларының өкілдері бар.

Шараны Астана қаласының әкімдігі, «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы, «ДАРА» қайырымдылық қоры, Қазақстанның асырап алушы ата-аналарының қазақстандық бірелстігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады. 

Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімдік мәселесі қалай шешілуде, асырап алушы отбасыларының түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға