Жаңалықтар

Астанада ақтаулық бүлдіршінді қолдауға бағытталған акция өткізілді

Акция
16.09.2016 09:10 2661

Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығында ем алып жатқан ақтаулық бүлдіршін Виканы қолдауға бағытталған акция ұйымдастырылды.

Елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, олимпиада чемпионы Гюзель Манюрова, тележүргізуші Динара Сатжан, актер Әнуар Нұрпейісов пен әнші Айгүл Иманбаева арнайы жасалған үміт бұрышына жұмсақ ойыншықтар әкеп қойды.

Астанада ақтаулық бүлдіршінді қолдауға бағытталған акция өткізілді

Бүгінгі таңда Виканың екі әжесі ауруханада тәулік бойы кезекшілік етуде.  Олар науқастың жанынан бір сәтте алыстамай, оның денсаулығы үшін қатты алаңдаулы. Вика ауруханаға 27 тамызда өте ауыр халде жеткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Ол стационарлық ем қабылдап жатыр.

– Ұйымдастыру, материалдық қолдау жағынан бәрі де қарастырылған, бастысы, есіне келіп, сауығып кетсе екен, – дейді Ермек Аманшаев. – Бұл өте ауыр жағдай, қоғам педофилиямен бірігіп күресуге тиіс, осындай ауыр қылмыс жасағандар заң бойынша қатаң жазалануы керек.

Ерте жастағы неврология бөлімінің меңгерушісі Алтыншаш Жақсыбаеваның айтуынша, Вика қазір үшінші дәрежедегі комада жатыр.

– Науқастың халі өте нашар, функцияларды қалпына келтіру бойынша болжамдар көңіл көншітерлік емес. Өкінішке орай, орын алған жағдайдың салдарынан қыздың миына оттегі жеткілікті мөлшерде жеткізілмеген, соның нәтижесінде бас миы ауыр зардап шегіп, жұмыс істемейді, – дейді дәрігер.

Олимпиада чемпионы Гюзель Манюрова орын алған оқиғаға байланысты мектептерде өзін-өзі қорғау, сондай-ақ, балаларды осы сияқты жағдайлардан сақтау үшін көшеде өзін-өзі ұстану ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар енгізуді ұсынды.


Материалды әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға