Жаңалықтар

Астанада өткен Халықаралық дөңгелек үстелде «Ұлт жоспары» талқыланды

Бүгін, 13 шілде күні Астанада, ҚР Ұлттық кітапханасында «Ұлт жоспары – «100» нақты қадам: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тетіктері мен міндеттері» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.
13.07.2015 11:59 5462

Бүгін, 13 шілде күні Астанада, ҚР Ұлттық кітапханасында «Ұлт жоспары – «100» нақты қадам: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тетіктері мен міндеттері» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.

Астанада өткен Халықаралық дөңгелек үстелде «Ұлт жоспары» талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырған шараға Ресей Федерациясынан «Еуразия халықтарының достастығы» Автономды коммерциялық емес ұйымы мейман болды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Веналий Амелин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ресей Федерациясы Орынбор облысының делегациясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садвокасова модератор болды.

«Ұлт жоспары» тақырыбына арналған халықаралық дөңгелек үстелді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, қатысушылардың жұмысына табыс тіледі. Ол Ұлт көшбасшысы Нұлсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» жоспары аясында ҚХА алдына қойылған міндеттердің көп екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары, Внелий Амелин «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылаудың маңызды екенін айта келіп: «Біз үшін қазақстандық әріптестеріміздің мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық бағытындағы және қазақстандық бірегейлікті нығайту саласындағы тәжірибелері қызықты, себебі Ресейде де ресейлік бірегейлік нығайтылуда. Ресей Президенті Владимир Путин 2012 жылы қол қойған Жарлықта бір мемлекет азаматтарын нығайту мәселесі ондағы бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Бұл ретте, Қазақстанның тәжірибесі мол»,-деді.

Дөңгелек үстелде:

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев - «ҚР Президентінің «100 қадамы»: азаматтық және жалпыұлттық бірегейлік параметрлері»;

«Еуразия халықтарының достастығы» АКҰ эксперті, тарих ғылымдарының кандидаты Денис Денисов - «Н.Ә. Назарбаевтың «100 қадамы»: Ресей тарапынан және Ресей үшін берілген баға»;

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күлайша Ақтаева – «Полиэтникалық қоғам жағдайындағы азаматтық бірегейлік»;

Орынбор облысының Заң шығарушы Жиналысының депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты Ольга Хромушина – «Қазақстан Республикасы – Орынбор облысының стратегиялық әріптесі»;

ҚР ОСК Баспасөз қызметінің жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы Венера Жексембекова – «Қазақстандық этносаралық бірлік моделінің ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама оқыды.


Тамара Жумалиева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға