Жаңалықтар

Астанада «Digital Kazakhstan» семинар-тренингі өтті

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» SAP компаниясының бірлескен жобасы
15.06.2016 09:51 3051

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» SAP компаниясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында Design Thinking әдісін қолдану бойынша  «Digital Kazakhstan» семинар-тренингін өткізді. Астанада «Digital Kazakhstan» семинар-тренингі өтті

Digital Government — электрондық үкіметті дамытудың келесі кезеңі болып табылады. Жоба бойынша композиттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және кәсіпкерлер мен қарапайым халықты электронды үкіметке деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Бұл электронды үкімет жүйесі азаматтардың өмірлік жағдайларын қадағалап, балабақшаға тіркелу, ауыруханаға бару, зейнетақы алу секілді қызмет түрлерін барынша оңтайландыруды көздеп отыр. Аталмыш жоба жүзеге асса, азаматтарға мемлекет ұсынған қызмет түрінің қажеттігін растау ғана қалады.

Астанада «Digital Kazakhstan» семинар-тренингі өтті

Семинарды ұйымдастырушылардың айтуы бойынша «Design Thinking» қолданушы үшін проблемалық орындарды нақты анықтайтын және проблеманы шешуде мейлінше тиімді тәсілді қолдануға мүмкіндік беретін инновациялық әдіс. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі проблемалық мәселелерді зерделеу үшін оған түпкілікті қолданушы тұрғысынан қарау қажет. Сондықтан семинарға қатысушылар ретінде әртүрлі қызмет өкілдері шақырылды. Топ-топқа бөлінген семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет саласындағы нақты проблемалар жайында талқылады.  

Астанада «Digital Kazakhstan» семинар-тренингі өтті

Семинар барысында баланы мектепке рәсімдеу, зейнетақы жасына жету, жұмысқа орналасу, жылжымайтын мүлік сатып алу секілді өмірлік жағдайлар шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алу процестері қызу талқыланды.   


Рүстем ӘЛПИ

Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға